FAQ

Жазылым – бұл University of the Future мен сатып алушы арасындағы келісім, оған сәйкес сатып алушы бекітілген тарифтер мен қағидаларға сәйкес University of the Future ұсынған өнімдер мен қызметтер үшін төлем алады және ұсынады.
Егер сіз University of the Future серіктесі болғыңыз келсе немесе ынтымақтастыққа  қызығушылық танытсаңыз немесе біздің платформамызда біліктілікті арттыру курстарын ұсынғыңыз келсе, онда сілтеме бойынша өтінім қалдыра аласыз немесе uof@aifc.kz электрондық поштасы не +7 702 888 2910 телефоны арқылы бізбен байланыса аласыз 
University of the Future-дің стратегиялық серіктестері қатарында CFA Institute, GARP, ACCA, CIMA, HCI, PMI және басқа да көптеген халықаралық деңгейде танылған кәсіби ұйымдар мен институттар бар.

Түрлі бағыттар бойынша курстар мен тренингтер ұсынатын жетекші қазақстандық және халықаралық кәсіби даму ұйымдары да University of the Future-дің серіктестері болып табылады.

University of the Future серіктестері туралы толық ақпаратты мына жерден таба аласыз.
  • University of the Future платформасының барлық тегін білім беру курстарына қолжетімділік
  • Өзара әрекеттесу мен маңызды ескертулер туралы хабарламалар алу
  • Кәсіби мамандармен қарым-қатынас жасау, сондай-ақ кәсіби қоғамдастықтардың қызметіне қатысу мүмкіндігі
  • Оқытушылардан кері байланыс
  • Оқу нәтижелерін қадағалау
  • Оқуды аяқтау қорытындысы бойынша сертификаттар алу
  • Кәсіби дамудың жетекші халықаралық институттарынан тегін шеберлік-сыныптарына қатысу
  • University of the Future серіктесі болып табылатын халықаралық институттардан тіркелу/емтиханнан өту үшін жеңілдік алу
  • АХҚО кадрлық резервіне қосылу, яғни АХҚО экожүйесінде, сондай-ақ бірқатар ұлттық және халықаралық компанияларда бос жұмыс орындарына кандидат болу мүмкіндігі
University of the Future жазылымы автоматты түрде ұзартуды қарастырмайды. Жазылым аяқталғаннан кейін сіз тіркелген электрондық поштаға жазылым мерзімі аяқталғанға дейін 7 күн, 3 күн және 1 күн бұрын хабарлама аласыз. Аяқталғаннан кейін жазылым автоматты түрде тоқтатылады.

Ақылы жазылымды одан әрі сатып алудан бас тартқан жағдайда ешқандай әрекет талап етілмейді. Бұл жағдайда жазылым мерзімі аяқталғаннан кейін платформадағы аккаунтыңыз автоматты түрде өшіріледі.

Жазылым шарттары туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.
Болашақ университеті бір компанияның тапсырысы бойынша қызметкерлерді корпоративтік оқыту мүмкіндігін ұсынады. Бұл: қажеттіліктерді анықтау, сарапшылардың арнайы мазмұнды әзірлеуі, бағдарламаны іске қосу, тренингтен кейінгі қолдау сияқты  кезеңдерден тұратын, ұйымның мақсаттарына орай қызметкерлерді оқытудың бағдарламасын жасау. 
Бағдарламаға «Корпоративтік шешімдер» бөліміндегі сілтеме бойынша өтінім қалдыру арқылы тапсырыс беруге болады, содан кейін менеджерлер танысу сессиясын өткізу үшін Сізбен хабарласады.

Тағы сұрақтарыңыз қалды ма?

Жолды толтырыңыз, содан кейін сізге жақын арада жауап береміз